«Той мен жиынды уақытша тоқтату керек» – Ералы Тоғжанов

«Той мен жиынды уақытша тоқтату керек» – Ералы Тоғжанов

«Той мен жиынды уақытша тоқтату керек» – Ералы Тоғжанов
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың өршуіне байланысты той-жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз басқосу мен қыдыруды уақытша тоқтатуға шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті азаматтар! Бүгінде елдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақталды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Алайда коронавирус індеті өршіп барады. Сондықтан маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б. алдын алу шараларын қолдану қажет. Тойды, жиынды, отбасылық мерекелерді, негізсіз басқосуды, қыдыруды уақытша тоқтату керек. Ауру адамдар оқшаулану керек. Бұл – бүгінгі күннің, бүгінгі жағдайдың талабы. Бұл – айналадағы сіз жақсы көретін адамдарға қауіп төндірмеудің жолы! Бұл – жалпы саналы қоғамның әр азаматының мойнына алатын жауапкершілігі», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлемде коронавирус жұқтыру фактілерінің саны 317 700 427-ге жеткені жайлы хабарлағанбыз.