Өзбекстан президентінің бұрынғы кеңесшісі қайтыс болды

Өзбекстан президентінің бұрынғы кеңесшісі қайтыс болды

Өзбекстан президентінің бұрынғы кеңесшісі қайтыс болды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Өзбекстан Ғылым академиясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

Бахтиёр Назаров 1945 жылы 17 қыркүйекте Ташкентте дүниеге келген. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген.

1990-1992 жылдары Президенттің мемлекеттік кеңесшісі, 1992-1994 жылдары жоғары және орта арнаулы білім министрінің бірінші орынбасары болды.

Сонымен қатар, 1986-1994 жылдары «Өзбек тілі мен әдебиеті» журналының бас редакторы қызметін атқарған. 1999 жылы Өзбекстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының проректоры және бір мезгілде Ғылым академиясы президентінің міндетін атқарушы болды.

Бахтиёр Назаровтың ғылыми еңбектері ХХ ғасырдағы өзбек әдебиетінің дамуына, әдебиет теориясы мен әдеби коммуникацияға арналған.