Бокстан ел чемпионы өлім жазасына кесілді

Бокстан ел чемпионы өлім жазасына кесілді

Бокстан ел чемпионы өлім жазасына кесілді
ашық дереккөзі
Ирандық сот боксшы Мохаммад Джавад Вафаи-Саниді 2019 жылғы наразылықтарға қатысқаны үшін өлім жазасына кескен. Бұл туралы Twitter-де оның адвокаты Бабак Пакния жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Вафаи-Сани – бокстан жасөспірімдер арасындағы ел және қазір қамауда отырған Мешхед қаласының чемпионы. Норвегияда орналасқан Иранның адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымы (IHR) 26 жастағы боксшы «үкімет ғимараттарын өртеп жіберді және қиратты» деген айыппен сотталғанын мәлімдеді. Ол 2020 жылдың ақпан айында қамауға алынған. Әлеуметтік желіде адамдар оның өмірін сақтап қалуға үндеп жатыр. Бұл мақсатта Twitter желісінде #SaveMohammadJavad хэштегін пайдалануда. Бір атап кетерлігі, 2020 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен күрестен ел чемпионы Навид Афкари дарға асылған болатын. 27 жастағы жігіт өлім жазасына кесілмес бұрын полицейлердің билікке қарсы наразылыққа қатысқанын және күш құрылымдарының қызметкерін өлтіргенін мәжбүрлеп мойындатқанын айтқан-ды.