Бүлікшілер Сағынтаевқа шабуылдап жатқан көрініс тарады (ВИДЕО)
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалған сәттің видеосы әлеуметтік желіге жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, 6 қаңтар күні кешке Алматы қаласы әкімінің кортежі, оның ішінде әкімдік пен «Алматы» телеарнасының қызметкерлері түсірілімге әкімдікке жіберілген болатын. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видео 2022 жылы 6 қаңтарда түсірілгенін растады.
«Тергеу іс-шаралары жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады», - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Көліктер әл-Фараби даңғылынан Назарбаев көшесіне қарай төмен түсіп келе жатқан сәтте жолаушыларға оқ жауған. Атыс салдарынан спорт бөлімінің басшысы, Дін басқармасының басшысы, қала әкімінің жүргізушісі, «Алматы» телеарнасының операторы зардап шекті. Сондай-ақ Алматы телеарнасының жүргізушісі қаза тапты.