Хуситтер Әбу-Дабиде дронмен шабуыл жасады

Хуситтер Әбу-Дабиде дронмен шабуыл жасады

Хуситтер Әбу-Дабиде дронмен шабуыл жасады
ашық дереккөзі
Йемендегі хуситтер Біріккен Араб Әмірліктеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар зымыран ұшырылған 20 дронның көмегімен мұнай танкерлерін жарған, деп жазды turkystan.kz France-Presse агенттігіне сілтеме жасап. Жойқын соққы салдарынан ADNOC мұнай алыбында жұмыс істейтін екі үндіс пен пәкістандық қаза тапты. Сондай-ақ, шабуылдан соң Әбу-Даби әуежайының маңында өрт шықты. Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид әл-Нахаян хуситтер шабуылының себебі анықталып жатқанын айтты. Ал хуситтер өкілі Яхия Сария БАӘ аумағында әлі де шабуыл жасап, жойқын соққы беретінін мәлімдеп отыр.
«БАӘ аумағында кешенді, жүйелі әскери операция өткіздік. Йемен әскері басқыншыларға тойтарыс бере алады. Басқыншыларды басындырмайды», – деді Яхия Сария.
Дереккөздің жазуынша, Йемендегі қақтығыс салдарынан миллиондаған адам баспанасын тастап, бас сауғалады. БҰҰ-ның мәліметінше, 2021 жылы соғыс 377 000 адамның өмірін жалмаған.