«Халық» қоры зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлді

«Халық» қоры зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлді

«Халық» қоры зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлді
ашық дереккөзі
Қаңтар айының басындағы оқиғалар Қазақстан халқы мен экономикасына орасан зор шығын әкелді. Осы орайда, «Халық» қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 2 миллиард теңге аудару туралы шешім қабылдады, деп жазды turkystan.kz. Бөлінген қаражат төтенше жағдайларда және төтенше жағдайды енгізу кезеңінде зардап шеккен Қазақстан халқына көмек көрсету, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiн қорғау кезiнде қаза тапты деп жарияланған құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың, әскери қызметшiлердiң отбасына қолдау көрсету, қираған объектілерді қалпына келтіру сияқты шұғыл мәселелерді шешуге жұмсалады.
«Қазір бұрынғыдан да бірлік пен бірлескен, біртұтас күш-жігер маңызды. Біз азаматтарға, бүкіл қоғамға еліміздегі болған қайғылы оқиғалардың ауыр зардаптарын жеңуге көмектесуіміз керек. Біз бірге барлық сын-қатер мен қиындықтарды жеңетінімізге шын жүректен сенеміз. Бірлік – біздің күшіміз. Осы нәзік әлемде жақсылықтың, сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың және жақсылыққа деген сенімнің қаншалықты маңызды екенін бәріміз енді түсінеміз. Біз отандастарымызды шетте қалмай, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуге шақырамыз. Баршаңызға шын жүректен ашық аспан, зор денсаулық және амандық тілейміз», – делінген қордың үндеуінде.