2021 жылдың ең бай спортшылары кімдер?

2021 жылдың ең бай спортшылары кімдер?

2021 жылдың ең бай спортшылары кімдер?
ашық дереккөзі
Әйгілі Forbes журналы 2021 жылы материалдық тұрғыдан ең көп олжаға кенелген спортшылардың рейтингін жариялады, деп жазды turkystan.kz. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша байқуаттылар көшін атышулы ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор бастап тұр. Бір қызығы, былтыр 33 жастағы Макгрегор небары екі кездесу өткізіп, октагонда бар-жоғы 752 секунд айқасты. Соның өзінде оның таза спорттағы табысы 22 миллион долларын құраса, жарнамадан түскен кіріс – 158 миллион доллар. Барлығы – 180 миллион. Байқуатты спортшылардың тізімінде екінші және үшінші орындарды әлемдік футболдың шоқжұлдыздары – Лионель Месси мен Криштиану Роналду өзара бөлісуде. Аргентинаның мақтанышы 130 миллион (еңбекақы мен сыйақы – 97 млн доллар+жарнама – 33 млн доллар) табыс тапса, португалиялық сұрмергеннің кірісі – 120 млн доллар (70 млн доллар+50 млн доллар). Сондай-ақ, «ТОП-10»-дыққа төмендегі спортшылар кіреді:
  1. Дак Прескотт (107,5 млн., америкалық футбол)
  2. Джеймс Леброн (96,5 млн., баскетбол)
  3. Неймар (95 млн., футбол)
  4. Роджер Федерер (90 млн., теннис)
  5. Льюис Хэмилтон (82 млн., «Формула-1»)
  6. Том Брэди (76 млн., америкалық футбол)
  7. Кевин Дюрант (75 млн., баскетбол).