Партиялық жоба аясында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

Партиялық жоба аясында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді

Партиялық жоба аясында жалғызбасты анаға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Павлодар облысының қоғамдық қабылдау бөлмесіне облыс тұрғындарынан көптеген өтініштер келіп түседі. Соның ішінде елімізде қыс мезгілінің түсуіне байланысты қатты отын түріне мұқтаж жалғызбасты ана көмек сұрап жүгінді. Одан бөлек, қиын өмірлік жағдайға тап болған жалғызбасты аналар көмек сұрады. Қазіргі кезде олар Аналар үйінде тұрып жатқанын айтып, үйге жиһаз және үлкен ас үй үстелі мен орындықтар сатып алып беруін өтінді. Аналар үйінде табысы мен басында баспанасы жоқ 30-ға жуық жас балалары бар әйелдер тұрады. Облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі В. В. Соломкин жалғызбасты аналардың проблемаларына бей-жай қарамай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында ұзындығы 2м дейін жылжымалы үстел мен жалпы құны 250 мың теңгеден асатын орындықтар және 5 тонна көмір сатып алып берді.  width=