Такси бағасы 20 пайызға арзандады

Такси бағасы 20 пайызға арзандады

Такси бағасы 20 пайызға арзандады
ашық дереккөзі
Бадамша ауылының тұрғыны Есен Сәлімов «Nur Otan» партиясы Қарғалы аудандық филиалының көмегіне жүгінді. Азамат Ақтөбе қаласына жолаушы тасымалымен айналысатын таксопарктердің жолақысының қымбаттығына шағымданды. Қазір Бадамша ауылында 5,6 мың адам түтін түтетіп отыр. Ал Ақтөбе қаласы мен Бадамша ауылының арақашықтығы 120 шақырымды құрайды.  Алайда, таксидің бағасын жергілікті халықтың қалтасы көтермейді. Қарғалы бастауыш партия ұйымының төрағасы мен Бадамша ауылдық округінің әкімі өтініш иесінің мәселесін шешу бойынша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Есен Сәлімовтің өтініші оң шешімін тапты. Жергілікті таксопарк иелерімен өткен кездесудің қорытындысына сәйкес, облыс орталығына жолаушы таситын таксилердің жолақысы 20 пайызға төмендейтін болды. Ақтөбе облысы.