Грэплингпен айналысатын жастарға қолдау көрсетілді

18 қаңтар, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Грэплингпен айналысатын жастарға қолдау көрсетілді «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұрғыны Ануар Батаев хабарласып, Жаңаталап елді мекенінің жас спортшыларына демеушілік көрсетуін сұрады. «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Аманжол Бағытұлы қала тұрғынының өтінішін қарап, партияның спорт саласының дамуына, жастардың спортпен жаппай шұғылдануына баса назар аударып, спортшыларға жол қаражаттары мен жатын орындары мәселесіне қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді. Жас спортшылар 15 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында өткізілген жарысқа қатысып, жүлделі орындармен оралған.
«Жарыс барысында барлық шәкірттерім жеңістерімен қуантты. Осы жарысқа баруға қолдау білдірген Атырау қалалық мәслихатының депутаты Айдашев Аманжол Бағытұлына алғысымды білдіремін!», - деді Ануар Батаев.