Партия өкілдері алты отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді

Партия өкілдері алты отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді

Партия өкілдері алты отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрай келген есту қабілеті төмен 6 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді. Аталмыш мәселе бойынша филиал басшылығы өтініш иелерінің тұрмыс жағдайын анықтады. Бұдан кейін партияның депутаттық фракция мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары бірлесіп, мәселені шешті. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына азық-түлік себеттері жеткізілді. Өтініш иелері өз тарапынан партия қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Жамбыл облысы.