Вокзалға аялдаған пойыз жолаушыларына көмек көрсетілді

Вокзалға аялдаған пойыз жолаушыларына көмек көрсетілді

Вокзалға аялдаған пойыз жолаушыларына көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Жыл басында ел бірлігіне қауіп төніп, халық тағдыры таразыға түсіп, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Бірқатар өңірлерде аса ауыр шығындар болып, адам қазасына дейін әкелді. Бұл орайда, Қызылорда облысында да қиын жағдайға душар болған азаматтарға көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 5-6 қаңтар күндері елдегі болып жатқан жағдайға байланысты 900-ден астам жолаушысы бар №33 және №77 пойыз Қазалы және Арал аудандарының вокзалында аялдауға мәжбүр болды. Осы уақытта жолаушылар тамақ, дәрі-дәрмек және тағы басқа қажетті заттарды іздеп, жағдайлары күрделене бастаған болатын. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттары Арғын Орынбаев, Талғат Әліпбаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, аудан әкімдігі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Ғалым Сматуллаев сынды азаматтар мен вокзал қызметкерлері барлық жайтты бақылауда ұстады. вокзал Науқас жоларшылардың тізімі жасалып, қажетті дәрі-дәрімек жеткізілді. Станциядағы барлық құрылымдық бөлімшелердегі теміржолшылардан құралған еріктілер, әкімдік, кәсіпкерлер, жастар және жергілікті тұрғындар бірлесіп, вокзал алдында қазан-ошақ құрды. Пойызда отырған жолаушыларға тамақтар таратылып, үздіксіз ас-су, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Пойыз жолаушылары  осынау қиын шақта жан-жақты қолдау көрсеткен Қазалы ауданының тұрғындары мен еріктілеріне алғыстарын білдірді. PS. 2022 жылдың 1-13 қаңтары аралығында қоғамдық қабылдау тараптарына 1421 өтініш, оның 455-і «111» жедел қызмет байланыс орталығына түсті. Қазір оның 578-і (41%) оң шешімін тапты. «Nur Otan» партиясының мүшелері мен белсенділері 3 мың отбасыға 135,3 млн теңгенің материалдық көмегін көрсетті.