"Қазпошта" бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды

"Қазпошта" бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды

"Қазпошта" бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды
ашық дереккөзі
"Қазпошта" бөлімінің бұрынғы басшысы заңсыз ақша иемденгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Наурызбай аудандық прокуратурасына сілтеме жасап. Әйел адам 2014 жылмен 2015 жылдың аралығында қызметтік бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса ірі көлемде иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша айыпталған. "Соттың істі қарауы барысында, Устемирова өзінің қызмет бабын пайдаланып, заңсыз түрде клиенттердің есепшотына қаражат жіберіп, жалған құжаттар арқылы шешіп отырған, сонымен қатар, ол "Қазпошта" АҚ зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың есепшотынан 2 038 936 теңгені заңсыз иемденген", - деді прокуратурадағылар. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының үкімімен әйел адамға өз еркімен келтірілген залалды өтеуіне байланысты және кішкентай баласының болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотталды. Ол бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. "Сот үкімі бойынша Устемирова осы белгіленген мерзімде тұрғылықты мекен-жайын ауыстыра алмайды, мемлекеттік құзырлы органның рұқсатынсыз жұмыс ауыстыра алмайды және түнгі уақытта көңіл көтеру мекемелерінде жүруге тыйым салынды. Сот үкімін жергілікті пробациялық қызметі қадағалап отырады. Осы үкім заңды күшіне енді", - деді Наурызбай аудандық прокуратурасының өкілдері.