Әкесіне Jeep мінгізген жігіт көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Қымбат көлік сыйлап, әкесін қуантқан ұл ел ризашылығына бөленді, деп жазды turkystan.kz.

Іnstagram әлеуметтік желісіндегі analar.alemi паблигінде жарияланған «Әкелерімізді барында бағалайық» атты видеода жас жігіттің әкесіне жол талғамайтын Toyota көлігін сыйлағанын көруге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Аналар әлемі 🇰🇿 (@analar.alemi)

Алматы облысына тиесілі мемлекеттік нөмірлі көліктің кілті ер кісіге үйдің ауласында табыс етіледі. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары жігіттің әрекетіне дән риза болды.

«Алла разы болсын, салиқалы азаматтарымыз көп болсын!», «Тұлпарыңыз құтты болсын! Ұлыңыз осы азаматтығынан таймасын», «Рас, әкені барында бағалау кажет» деп жазысты видеоның астында желі қолданушылары.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button