Маңғыстау облысында әкім қамауға алынды

Маңғыстау облысында әкім қамауға алынды

Маңғыстау облысында әкім қамауға алынды
ашық дереккөзі
Түпқараған аудандық сотының шешімімен Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, бұған дейін желіде оның митингке қызметтік көлігін мас халде жүргізіп келген видеосы жарияланған болатын. Түпқараған аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот Әзірбаевтың Ақтау – Форт-Шевченко тас жолында жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгенін анықтады. Сол үшін оған 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Сот отырысында Әзірбаев өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдік ішпегенін алға тартып, тек сырқатына байланысты мойнын спиртпен сүрткенін айтты. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын қолдануды сұрады», – деді баспасөз қызметі.
Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырған. Әзірге шешім заңды күшіне енген жоқ және оған қарсы шағым түсіруге болады екен.