«Ең дұрыс іс»: бүлікшілер «QosLike» ғимаратын күл-талқан еткен (ВИДЕО)

«Ең дұрыс іс»: бүлікшілер «QosLike» ғимаратын күл-талқан еткен (ВИДЕО)

«Ең дұрыс іс»: бүлікшілер «QosLike» ғимаратын күл-талқан еткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілер атышулы «Qos Like» және «Бір болайық» бағдарламаларының студиясын өртеп жіберген, деп хабарлады turkystan.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап. Бірнеше жылдан бері эфирге шығып келе жатқан «Qos Like» және «Бір болайық» бағдарламалары түсірілетін телестудияға зақым келген. Екі бағдарлама да бір жерде түсіріледі. «Бір болайықтың» редакторы әрі жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов студияға шабуыл жасалмас бұрын, яғни 5 қаңтарда елде осындай жағдай болып жатқанда эфирге шыға алмайтындарын айтқан еді. Одан кейін студияға шабуыл жасалып, бірнеше күннен бері эфирден көрсетілмеді. «Qos Like» бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова өртеніп кеткен студияның алдынан фото жүктеді. Тонаушылар ондағы киім-кешек, жарамды заттардың біразын ұрлап кеткен.
«Бүлікшілердің жасаған ең дұрыс ісі осы болды-ау», «Енді бұл қуанышты жаңалық», «Сауап болған екен. Кім өртеп кетсе де рахмет», «Сауапты іс жасаған екен, аз әлі» дегендей пікірлер жазып жатыр желі қолданушылар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 📺TV SHOW (@qos.likeee)