Қазақстанда «Яндекс. Таксиге» қатысты тергеу басталды

Қазақстанда «Яндекс. Таксиге» қатысты тергеу басталды

Қазақстанда «Яндекс. Таксиге» қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz.
«БҚО тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыға қатысты хабарламаларды орындамау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін тарта отырып, нарықтың 102 субъектісіне, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулерді бастады. Агенттік жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша «Яндекс.Такси» агрегаторына қатысты қосымша тергеу тағайындады», - деді Серік Жұманғарин.