Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды

Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды

Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды
ашық дереккөзі
Қазақстандық диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses ремиксінің миллиардтық тыңдалымы үшін Spotify марапатын алды, деп жазды turkystan.kz. Spotify Russia баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық диджей осы сыйлықты алғаш рет иеленіп отырған ТМД өкілі.
«Клубқа қош келдіңіз! Иманбек Billions Club-қа қосылды. Бұл оның Roses ремиксі миллиардтан астам рет тыңдалғанын білдіреді. Дәлірек айтсақ, 1,5 миллиардтан да көп», - делінген хабарламада.
Қазір тізімде Иманбектің жанында Билли Айлиш, Травис Скотт, Adele және басқа да белгілі әлемдік музыканттар тұр. Бүгінгі таңда Иманбектің Spotify-дағы ай сайынғы аудиториясы 17 миллион тыңдаушыға жетті. Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық DJ Kygo және британиялық әнші Дуа Липа алған болатын.