2021 жылдың үздік футболшысы кім?

2021 жылдың үздік футболшысы кім?

2021 жылдың үздік футболшысы кім?
ашық дереккөзі
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски 2021 жылдың үздік футболшысы атанды, деп жазды turkystan.kz. Марапат ұйымның YouTube арнасында көрсетілді. Жеңімпаз журналистер, бас бапкерлер, ерлер мен әйелдер құрамасының капитандарының дауыс беруінің нәтижесінде анықталды. Сөйтіп, 33 жастағы Роберт Левандовски бұл марапатқа екінші рет ие болды. ФИФА Бұған дейін Парижде 2021 жылғы «Алтын допты» табыстау рәсімі өткен болатын. Лионель Месси мансабында жетінші рет жүлдені жеңіп алды. Дегенмен көптеген еуропалық БАҚ, танымал футбол сарапшылары мен ойыншылары жүлдені «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски алуы керек еді деген пікірде болды.