Тексеріс нәтижесі: «ҚазМұнайГаз»-да еңбек заңнамасы бұзылған

Тексеріс нәтижесі: «ҚазМұнайГаз»-да еңбек заңнамасы бұзылған

Тексеріс нәтижесі: «ҚазМұнайГаз»-да еңбек заңнамасы бұзылған
ашық дереккөзі
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп жазды turkystan.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2021 жылдың мамырында акционерлік қоғам және оның жекелеген ведомстволық ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне аудит жүргізілген. Тексеріс барысында еңбек заңнамасының кемшіліктері анықталған.
«16 сағат көлеміндегі жұмыс уақыты есебімен бір уақытта бірнеше басшылық лауазымдарды біріктіруге мүмкіндік берілген. Яғни, басқарма төрағасының орынбасары (қашықтан) қызметі еншілес ұйымның бас директоры лауазымымен біріктірілгені анықталды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Нысандарды салу жөніндегі серіктестік» корпоративтік қоры Түркістан облысындағы амфитеатр құрылысына бөлінген 307 миллион 938 мың теңгеден үнемделген қаражатты қайтармағаны белгілі болған. Соталды арыздан кейін аталмыш корпоративтік қор үнемделген қаржыны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның есеп айырысу шотына қайтарған.