Мұғалім екінші сынып оқушысының басын тақтаға соқты (ВИДЕО)

18 қаңтар, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Мұғалім екінші сынып оқушысының басын тақтаға соқты (ВИДЕО) Алматы қаласындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушыларын ұрған мұғалімнің әрекеті желі қолданушылардың наразылығын тудырды, деп жазды turkystan.kz. Instagram-дағы zhaloba_shkola_almaty парақшасына бейнежазба жүктеген ата-аналар құзырлы органдардың бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @zhaloba_shkola_almaty

«Бұл – Алматы қаласындағы «Бәйтерек» мектебі. Мүғалімге 2-сынып оқушыларының жаттығу жасағаны ұнамаған. Ол ұлдарды тақтаға шығарып, жазалап жатыр. Ал 8 жасар менің баламның басын тақтаға соқты. Психологиялық қысымға ұшыраған оқушылардың ертеңі не болады?» – дейді жазба авторы.
Автордың айтуынша, мектеп әкімшілігі ата-анадан да, таяқ жеген баладан да кешірім сұрамаған. Ал ол аздай, мұғалім жұмыстан да шығарылмаған. Қазір ата-аналар «Бәйтерек» мектебінің оқушыларын жазалаған мұғалімді жауапқа тарту мақсатында қол жинап жатыр.