Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынады

Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынады

Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынады
ашық дереккөзі
Елордада эпидахуалдың нашарлауына байланысты Крещение діни мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды, деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қалада эпидахуалдың күрделілігіне байланысты Крещение қарсаңында шомылу өткізілмейді. Бұл - қаланың бас санитар дәрігерінің шешімі», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.
Православ христиандарында бұл діни мейрам жыл сайын 18 қаңтардың кешінен басталып, 19 қаңтарға ұласады. Ал су айдындарында орналасқан ойықтарда шомылу рәсімі дәл мереке күні немесе кейінгі күндері де өткізіле береді.