Алматының орталығында қару ұстаған екі адам ұсталды
38 және 35 жастағы ер адамдар қару-жарақ дүкендерін тонаудың белсенді қатысушылары болған, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оларды Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады.
Күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған SM12 steyr mannlicher austria маркалы екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Белгілі болғандай, 38 жастағы М. есімді азамат және 35 жастағы Р. есімді азаматтар - Алматы облысынан келгендер.
Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде.
Күдіктілер қамауға алынды.