ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініштер түскен, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өткен демалыста «Азаматтарға арналған үкімет» басшылығымен осы жайтты талқыладым. Адил Кожиховқа барлық аймақтардан жұмысшыларды тарта отырып, жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым. Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! 5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Осы мәселені жылдам жөндеу қажет», - деп жазды министр әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс.