Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны рас па?

Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны рас па?

Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны рас па?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны жайлы айтыла бастады, деп жазды turkystan.kz. Қазақстандық БАҚ журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жазылған бейресми ақпаратқа сүйенген. Мұндай әңгіменің шығуына «Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінің Асқар Маминнің компания басшылығына оралуы мүмкін деген болжамы себеп болған. Сондықтан журналист мұндай тұжырым жасауға асығыстық танытпау керектігін жазған.
«Өйткені, бірнеше дереккөздерге сүйенсек, ол қазір үйқамақта. Себебі Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы болуы мүмкін. Айтпақшы, Мәсімовпен екеуі сыныптас», – деп жазды Козачков.
Интернет қолданушылары Михаил Козачковтың сөзін ресми расталмағанына қарамастан қисынды санайтын секілді. Себебі, олар Кәрім Мәсімов пен Асқар Маминнің мектеп кезіндегі фотоларын жариялап, ортақ байланыстарын қазбалауда. фото Бірақ биліктегі ауыс-түйіс жайындағы хабарларды назарынан тыс қалдырмайтын  Ербол Еділов телеграм каналында Асқар Маминнің көмекшісі оның үйқамаққа алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазды. Асқар Маминнің үйқамаққа алынғаны жайлы ресми ақпарат еш жерде жарияланбады.