Қарағанды облысының Шет ауданында аусыл тарап жатыр (ВИДЕО)

Қарағанды облысының Шет ауданында аусыл тарап жатыр (ВИДЕО)

Қарағанды облысының Шет ауданында аусыл тарап жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Шет ауданында карантин жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Елдімекендегі ірі қара жаппай аусыл ауруына шалдығып жатыр. Індет Киікті ауылдық округіндегі шаруашылықтан  анықталған. Ауру жұқтырған 25 мал өртелді. Дерт ошағына блокбекет қойылды.  Жергілікті полиция мен ветеринариялық қызмет мамандары  тәулік бойы күзетте тұр.   Арнайы құрылған жедел штаб зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауру ошағынан мал және мал өнімдерін, жем-шөп, құрал-жабдықтар тасымалдауға қатаң тыйым салынды.  Айта кетейік, бірер ай бұрын да тұрғындар  Шет ауданында жаппай мал ауруы шыққанын айтып дабыл қаққан еді. Ветеринарлар сол кезде сегіз жүздей ірі қарадан вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит белгілерін анықтаған.
«Ал бұл жолғы дерт мүлде басқа»,- дейді мамандар.
Олардың айтуынша, аусыл өте жұқпалы,  малдың аузының кілегейлі қабығында, желін мен аяқ терісінде күлдіреуік пайда болады. Ірі қараны тез әлсірететін көрінеді.
«Республикалық қордан ветеринариялық препараттар бөлініп, дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар ошақтағы ауру және ауру малдармен жанасқан ірі қара малдары өртеу жолымен жойылуда. Мал иесіне нарықтық баға бойынша компенсация төленеді», - деді Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы жетекшісінің міндетін атқарушы Данияр Мерғазин.