Ақтау қалалық кітапханасын су басты (ВИДЕО)

Ақтау қалалық кітапханасын су басты (ВИДЕО)

Ақтау қалалық кітапханасын су басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жергілікті оқырмандар Ақтау қалалық орталық кітапханасының шатырынан су ағып жатқанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап. Кітапқұмарлардың айтуынша, жауын-шашыннан кейін кітап сақтау қоймасының қызметкерлері үнемі осындай жағдайға душар болады. Кітапханадағы жауын-шашынның салдарын түсірген видео авторы аздаған жаңбыр немесе қар жауса, кітап қоймасының төбесінен су ағып кететінін айтқан.
– Мен кітапханаға жиі келемін, көптен бері оқырманмын. Ал бүгін келгенімде кітапхана қызметкерлерінің еденнен шелекпен су шығаруға  мәжбүр болғанын көрдім. Тіпті азғантай ғана еріген қар суы бүкіл залды басып кете жаздады. Қала әкімшілігінен осы мәселеге назар аударуын сұраймын. Себебі, мұнда кітаптар сақталады. Олар ылғалда тұрмауы керек, - деді видео авторы.
Кітапхана әкімшілігі ғимараттың шатырына қатысты мәселе бірнеше жылдан бері бар екенін растап отыр.
- Өткен жылы ғимарат жөндеуден өтті. Бірақ мердігер жұмысты толық аяқтамаған немесе дұрыс істемеген. Жауын-шашын болған сайын шатырға жиналған су ішке ағады. Мұны жауапты дирекция біледі. Істеп береміз деген уәделері бар. Бұл үшін 25 миллион теңге керек. Әзірге олардың ондай қаржысы жоқ сияқты. Әрине, кітаптарға зиян келмес үшін бәрін жасауға тырысамыз, - деді кітапхана мамандары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НОВОСТИ МАНГИСТАУ И АКТАУ (@ladakz)