Дариға Назарбаеваға ақпанға дейін жалақы төленбейді

Дариға Назарбаеваға ақпанға дейін жалақы төленбейді

Дариға Назарбаеваға ақпанға дейін жалақы төленбейді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады, деп хабарлады turkystan.kz. 
«Дариға Назарбаева коронавирус инфекциясын жұқтырып алғандықтан оңалу мақсатында қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыс алды», - деп мәлімдеді оның баспасөз хатшысы Zakon.kz-ке.
Бұған дейін Дариға Назарбаеваның көмекшісі Жанна Ермекова Мәжіліс депутатының ауырып қалғаны жайлы айтқан еді.
«Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол - Қазақстанда», – деді ол.