Мұнай өнімдері тиелген үш көлік жарылды

Мұнай өнімдері тиелген үш көлік жарылды

Мұнай өнімдері тиелген үш көлік жарылды
ашық дереккөзі
Дүйсенбіде Абу-Дабидің өндірістік аудандарының бірінде жойқын өрт болды, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Салдарынан мұнай өнімдері бар үш көлік жарылған. Бұл жайында Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астаналық полиция қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін таңертең Эль-Мусафф аймағында өрт шығып, жанармай сақтайтын резервуарлардың жанында орналасқан үш жанармай цистернасы жарылды. Абу-Даби халықаралық әуежайы маңындағы құрылыс алаңында да өрт тіркелді. Ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрт ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлауынан тұтанған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өртті сөндіру және болған жайттың мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.