«Заңсыз қаруды тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады» - Алматы полициясы

«Заңсыз қаруды тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады» - Алматы полициясы

«Заңсыз қаруды тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады» - Алматы полициясы
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Полиция департаменті азаматтарға заңсыз сақталған қаруларын өзіне жақын жердегі Полиция басқармасына ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлады turkystan.kz. Қылмыстық-процестік кодекстің 287-бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимді болатынына кепілдік беріледі», - делінген ақпаратта.
Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сұрақтар бойынша хабарласуға болатын нөмірлер: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77. Айта кетсек, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалып, 1 347 қару ұрланған.