Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Білім және ғылым министрлігі үшінші оқу тоқсанына қатысты ресми ақпарат таратты, деп жазды turkystan.kz. Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, үшінші тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Бірақ республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде білім алады.
«Бүгін үшінші оқу тоқсаны басталды. Санитарлық дәрігелердің шешімі бойынша үш қала – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте қашықтан оқыту форматы болады. Қазіргі кезде барлық техникалық құрал-жабдық таратылды. Ал басқа өңірлерде бір мектепте 600-ден астам оқушы болса, олар да онлайн режимде оқиды. Бірақ 1-2-сынып оқушылары штаттық форматта білім алады. 3-5-сынып оқушылары үшін кезекші топтар ұйымдастырылады», - деді Кәрімова.
Ауыл оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істемек. Жалпы, республика бойынша 2 миллионнан астам оқушы (60 пайыз) дәстүрлі форматта білім алатын болса, 1,5 миллионға жуық бала (40 пайыз) қашықтан оқиды.