«Қазақстан халқына» қорына 12 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды

«Қазақстан халқына» қорына 12 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды

«Қазақстан халқына» қорына 12 миллиард теңгеден астам қаржы жиналды
ашық дереккөзі
17 қаңтардағы мәлімет бойынша, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына заңды тұлғалардан 12,36 миллиард теңге түскен, деп жазды turkystan.kz. Қор өкілдерінің мәліметінше, «Kaspi Bank» және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге көлемінде қомақты үлес қосты. Сондай-ақ, «Халық» қайырымдылық қорынан 2 миллиард теңге түскен. Степногор тау-кен-химия комбинаты 350 миллион теңге аударды. Сонымен қатар, қоғамдық қорға ерікті ретінде 6519 қазақстандық ақша аударған. Қазір оның жалпы сомасы 10,1 миллион теңгеден асады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа және оның кеңсесінің, Президент әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлеріне бір күндік жалақысын аудару арқылы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», - деді қор өкілі.
Қор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есеппен жұмсалуы қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Қаражат Қазақстан халқының игілігі үшін, яғни денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге бағытталмақ.
«Қор сирек кездесетін және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді», - деп толықтырды қор өкілі.