Жаңалықтар

Реджеп Тайып Ердоған: Әлеуметтік желілер мемлекеттік құпияларды әшкерелейді

ашық дереккөзі

Реджеп Тайып Ердоған: Әлеуметтік желілер мемлекеттік құпияларды әшкерелейді

Түркияда Twitter мен YouTube сайттарына тиым салынды деп хабарлайды Астана арнасы Интерфакске сілтеме жасап. Стамбул соты аталған әлеуметтік желілердің әкімшілігінен марқұм прокурор Мехмет Селим Киразды тұтқынға алған кездегі барлық фотосуреттердің көзін жоюды талап еткен. Талап қанағатандырылғандықтан, шешім өзгертіліпті. Айта кетейік, аталған елдегі кейбір ақпарат көздері Твиттер мен Ютюбке (YouTube) сот шешімімен тыйым салынғанын жарыса жазған еді. Бұған азаматтардан түскен арыздар себеп болған. Мұндай қатаң шараға солшыл радикалдардың Стамбұлдағы сот ғимаратына шабуыл жасауы себеп болыпты. Олар прокурор Мехмет Селим Киразды тұтқынға алды. Арнайы операциядан кейін босталғанымен, кейін прокурор ауруханада көз жұмған.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, әлеуметтік желілердің жабылуына терроршылардың прокурорға қару тақап түскен фотосуретінің ғаламторда кең жариялануы түрткі болған. Былтыр да Түркия билігі әлеуметтік желілердің қызметін шектеген болатын. Сол кезде ел үкіметін басқарған Реджеп Тайып Ердоған: «Туиттер мен әлеуметтік желілердің адамның жеке өміріне кірігіп, мемлекеттік құпияларды әшкерелеп, дүниежүзіне таратады»,- деп, оны қолданушыларды тәртіпке үндеген.