Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті
ашық дереккөзі
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қылмыстық ісі сотқа жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол туралы қосымша хабарлаймыз», - деп жазылған баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.