Президент Самат Әбішті қызметінен босатты
Президент Самат Әбішті қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш өз қызметінде екенін, 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанын мәлімдеген болатын.
Еске сала кетсек, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны белгілі болды.
Ал бүгін босатылған 43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол ҰҚК бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етіп келген. Генерал-лейтенант шені бар.