Жаңалықтар

Тимур Құлыбаев ҰОК президенттігінен кеткен жоқ

ашық дереккөзі

Тимур Құлыбаев ҰОК президенттігінен кеткен жоқ

Тимур Құлыбаев Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қала береді, деп жазды turkystan.kz. Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі комитет басшылығының құрамында қандай да бір өзгерістердің болғаны туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. ҰОК баспасөз хатшысы Жанар Өтешеваның айтуынша, Тимур Асқарұлының жұмыстан кететіні туралы мәлімет жоқ. Олар әдеттегідей жұмыс істеп жатыр екен. Айта кетейік, Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетін 2015 жылдан бері басқарып келеді. Бүгін оның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» президиумының төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды.