Түйелерге арналған 5 жұлдызды қонақ үй ашылды (ВИДЕО)

Түйелерге арналған 5 жұлдызды қонақ үй ашылды (ВИДЕО)

Түйелерге арналған 5 жұлдызды қонақ үй ашылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сауд Арабия патшалығында түйелерге арналған әлемдегі алғашқы элиталық қонақ үй ашылды. Saudi Camel Club атауына ие болған нысанда 120 нөмір бар, деп жазды turkystan.kz. Нысанның ашылу салтанаты әйгілі экс-король Абдул-Азиз ибн Абдуррахман Аль Сауд ұйымдастыратын дәстүрлі түйе фестивалімен тұспа-тұс келді. Аталмыш фестиваль АҚШ, Таяу Шығыс, Ресей, Франция және басқа да елдердің түйе иелерін біріктіреді. Шара бағдарламасына сәйкес, ол Эр-Риядтың солтүстігінде желтоқсан айында басталып, тура 40 күнге созылады. Биылғы фестивальге әйелдердің бірінші рет қатысып жатқанын атап өткен жөн. Saudi Camel Club өкілдерінің хабарлауынша, қонақ үйдің нөмірін жалдау құны – 400 риал, яғни 391 дирхам. Сонымен қатар, 50-ден астам қызметкер «шөл кемелеріне» қауіпсіздік пен азық-түліктен бастап ерекше күтім мен гигиенаға дейін әртүрлі қызметтер көрсетеді. Сауд Арабиясында түйе шаруашылығы мәдени мұраның бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар жақсы табыс көзі. Сондықтан жаңа қонақ үй түйелерге тиісті күтім жасайды.