«Астана» футбол клубы банкротқа ұшырады

«Астана» футбол клубы банкротқа ұшырады

«Астана» футбол клубы банкротқа ұшырады
ашық дереккөзі
Бұл жөнінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Айта кетерлігі, «Астана» кәсіби футбол клубы» АҚ-ның салықтық қарызы 36 миллион теңгеден асқан. Ал салық заңнамасы аясында қабылданған шаралар мен салықтық қарыздарды мәжбүрлі өндіру әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеген. Осыған байланысты Астана қаласы Алматы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа «Астана» кәсіби футбол клубын» банкрот деп тану туралы шағымданған. «Іс материалдарын қараған Астана қалалық ауданаралық экономикалық соты «Астана» кәсіби футбол клубын» банкрот деп таныды. Банкроттық процедуралары 9 ай мерзімге белгіленіп отыр. Осыған байланысты Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне «Оңалту және банкроттық туралы»  заңда қарастырылған мерзім және тәртіпке сәйкес, банкроттық басқарушыны тағайындау жүктелді.  Шешім заңдық күшіне енді», - делінген баспасөз баянында.