Бейбіт шеруден қанды қақтығысқа дейін

Бейбіт шеруден қанды қақтығысқа дейін

Бейбіт шеруден қанды қақтығысқа дейін
ашық дереккөзі

1 қаңтардан бастап сұйы­тыл­ған газ өн­діру­ші­лер мұ­най өнімдерін 100 пайыз элек­тронды сау­да арқылы са­туға көшкен еді. Бұл өз­геріс газ ба­­ғасының бірден 120 теңгеге дейін қым­бат­­тауы­на әкеп соқтырды. Рес­пуб­лика бойын­ша газдың ор­­­таша бағасы литріне 110 тең­ге, Атырау облы­сын­да 115 теңге, Оралда 120 тең­геге жет­кен. 2 қаң­­­­­­тарда бағаның өсуіне нара­зы Жаңаөзен қа­­ла­­­­сының халқы тегіс бейбіт шеруге шықты.

1 қаңтарда газ бағасы 120 теңгеге дейін қым­бат­тады. 2 қаңтар күні Жаңаөзен тұрғындары газ бағасын 50-60 теңгеге дейін төмендетілсін деген талап қойып, бейбіт шеруге шықты. Маңғыстау облысы әкімдігі Ішкі саясат бас­­­­қар­ма­сының қызметкері жағдайға қа­тысты пікір білдірді. – Сағат 11:00-де Жаңаөзендегі АХАЖ ғи­мара­ты маңына газ бағасын төмендету мәселесі бойын­ша автокөлік иелері жиналды. Қала әкімі мін­детін атқарушы Ғалым Байжанов, қала әкі­мі­нің орынбасары Жаңабай Аймағамбетов және құ­қық қорғау органдары өкілдері оларға тү­сін­діру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарға газ бойынша істің мән-жайы және «Бейбіт жи­на­лыс­тарды ұйымдастыру туралы» заң түсіндірілді. Олар­ға бұл іс-әрекеттері заңсыз екені, өйткені әкім­дікке митинг өткізілгенге дейін 5 күн бұрын ха­барлау қажет екені айтылды, – деп мәлімдеді бас­қарма өкілі. Маңғыстау облысы Энергетика және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық бас­қармасының бас­шысы Бердібек Қартбаев газ қымбаттауына қа­тысты пікір білдіріп, республика бойынша газ­дың орташа бағасы литріне 110 теңге, көр­ші­лес Атырау облысында 115 теңге, Орал­да 120 тең­ге екенін мәлімдеді.

Жаңөзенді қолдау

3 қаңтар күні Ақтау қаласының тұрғындары бейбіт шеруге шықты. Бейнеу, Шетпеге аймақтағы бар­лық елді мекен қосылып, наразылық бүкіл об­лысты қамтыды. Осылайша наразылық бірнеше күн ішінде Қа­зақстанның барлық өңіріне жайылды. 4 қаң­тарда Ақтау, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Алма­ты, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Талды­қорған, Тараз және өзге өңірлерде Жаңаөзенді қолдаған ак­циялар өтті. Қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар Жаңаөзенді қолдайтынын, алайда бұл іске аран­дату­шылардың араласып кетуінен сақтануымыз керек екенін айтып үндеу жасады. Маңғыстау облысына барған мемлекеттік ко­миссия жетекшісі, Премьер-Министр­дің орын­басары газ бағасы 85-90 теңгеге түсетінін мә­лім­деді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агент­тігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз бай­ласу бойын­ша тергеуді бастады. Маңғыстау облы­сы­ның АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауап­кершілігі аясында бастамашылық тәртіп­пен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабыл­дады. Алайда шеру мұнымен тарқамады, керісінше күш ала түсті. Кейіннен шерудің бейбіт өтуін, оқ атыл­мауын талап етушілер де бой көрсетті. Кейіннен нара­зы­лық саясилана түсіп, халық бүкіл жүйе ауыс­пай, тарамайтындарын айтып, талап қоя бастады. Кейіннен билік газды 50 теңгеге дейін тө­мен­детуге келісті, бірақ мұнымен наразы топ тар­қа­мады.

Үкіметтің тарауы

Халық наразылығына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы тап­сыр­ма берген болатын. Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин Президент тап­сырмасына қатысты жауап берді. Ол Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсыр­масы бойынша Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайтынын айт­ты. Премьер-Министр Асқар Маминнің өкі­мі­мен Маң­ғыстау облысындағы әлеуметтік-эконо­ми­калық жағдайды қарастыру үшін Үкімет­тік ко­мис­сия құрылды. Ал 5 қаңтарда таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің отставкасын қабыл­да­ды.

Аласапыран

5 қаңтарда Өскемен мен Семей қалаларында да наразылық басталды. Дәл осы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға бай­ланысты мә­лім­деме жасады. Президент іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақыл­мен ғана шешім қабылдауға шақырды. Алматы мен Маңғыстау облысында 19 қаң­тар­ға дейін төтенше жағдай жарияланды. Ізін ала төтенше жағдай түгелдей Алматы облысына жария­ланды, одан соң бұл қатарға Нұр-Сұлтан қа­ласы да қосылды. Ел бойынша интернет бұғат­талды. 7 қаңтар күнгі мәлімдемесінде Мемлекет бас­шысы содырларға ескертусіз оқ атуға бұйрық бер­генін айтты. Сөйтіп алғашында бейбіт басталған шерулер күтпеген жерден қарулы қақтығысқа, бұзақы­лық­қа, қақтығысқа ұласып кетті. Бейбіт шеруді тер­рорлық күштер өз мақсатына пайдаланып кет­кені айтылды. Бейбіт халық қайсы, террорлар қай­сы, бұзақылар қайсы екенін айыра алмастай бей­берекет жағдай қалыптасты. Қалаларда әкім­дік ғимаратына шабуыл жасалды. Жалпы оқиға кезінде еліміздің 8 аймағында (Алматы қаласы, Шымкент, Алматы облысы, Шы­ғыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қы­зылор­да облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы) 53 әкімдік ғимараты бүлінген. Ең қатты зардап шеккен Алматы қаласы болды. Ресми ақпаратқа қарағанда, Алматыда барлығы 166 нысан бүлін­ген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 12 қаңтар күнгі Үкімет отырысы кезінде осылай деп мәлімдеді. Министрдің сөзінше, мемлекеттік нысандар 20 ақпанға дейін жөнделеді. Бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­латасы елде 1 528 бизнес субъектісіне залал кел­генін, 1 408-і Алматыда екенін хабарлаған. Жал­пы шығын көлемі 95,3 млрд теңгеге жетті де­ген мәлімет бар.

Азалы Алматы, қаралы қаңтар

10 қаңтар күні Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Сонымен қатар елде жағдай тұрақтала бастағаны айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның онлайн жиы­нына қатысып, мәлімдеме жасады. Наразылық және одан кейінгі бүлік кезінде хабар-ошарсыз кеткен туыстарын іздеген халық Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары инс­титуты алдына топтасты. Ал өртенген көлік, бүлінген ғимаратта есеп жоқ. Жалпы оқиға кезін­де қанша адам қаза тапқаны, оның қаншасы бей­біт тұрғын екені әлі нақты емес. Қаза тапқан­дар арасында балалар да болғаны елдің қабыр­ғасын қайыстырды. 11 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі елдегі бүлік кезінде 9 900 адам ұсталғанын хабарлады. Ал 12 қаңтар күні Ішкі істер министрлігінің же­дел штабы Қазақстанның төрт облысында қару­лы адамдар тобы ұсталғанын мәлімдеді. Дегенмен әлеуметтік желілерде алаңға шыққанның бар­лы­ғы содыр емес екені айтыла бастады.

11 қаңтар күні жаңа Үкімет жасақталды. Елдегі әлеуметтік-саяси ахуалға байланысты нақты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы барлық қиындықты бірлесе еңсеретінімізді, алдымызда жаңа Қазақстанды бірге құру міндеті тұрғанын айтты.

Д. Жанатқызы