Алматы әкімдігіне 20 миллиард теңге шығын келген

Алматы әкімдігіне 20 миллиард теңге шығын келген

Алматы әкімдігіне 20 миллиард теңге шығын келген
ашық дереккөзі
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтты, деп жазды turkystan.kz. Әкім орынбасарының айтуынша, қазір жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығын есептеліп жатыр.
«Алдын-ала болжам бойынша, шығын көлемі – 112,6 миллиард теңгені құрайды. Ал оның 67 миллиард теңгесі бизнес  субъектілеріне тиесілі. Бүліктен кейін 240 нысан зардап шекті. Басым бөлігі есік-терезесін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар. Оның 27-сі мемлекеттік мекеме ғимараты болса, ал 216-сы - шағын және орта бизнес нысаны. Әкімшілік ғимараттарға жалпы 22,6 миллиард теңге шығын келді», – дейді ол.
Атап айтқанда, Алматы әкімдігінің ғимаратына – 20 миллиард теңгенің, прокуратура ғимаратына – 2 миллиард, Полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 миллион, экобекеттерге – 163 миллион, ал медицина нысандарына – 2 миллион теңгенің шығыны келген.