Лаңкестердің қандай тактика қолданғаны белгілі болды

Лаңкестердің қандай тактика қолданғаны белгілі болды

Лаңкестердің қандай тактика қолданғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Алматыда лаңкестердің қандай тактика қолданғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
 «Биліктің беделіне нұқсан келтіру үшін қылмыскерлер полицейлер мен әскери қызметкерлердің киімін киіп алған. Алаңның периметрі мен қаланың орталық көшесінде 493 бейнебақылау камерасы істен шыққан. Жолдарға тосқауыл қойылды, периметрлер айналысына бақылаушылар орналастырылған. 4-5 адамнан құралған лаңкестер басып алған көліктермен мемлекеттік нөмірсіз жүрген», - деді ол.
Оның айтуынша, қозғалыс кезінде олар полиция жасақтары мен блокпосттарға оқ атқан. Тағы оқи отырыңыз: Алматыда лаңкестер 41 мәйітті ұрлап әкеткен
«Қару-жарақ пен әскери техниканы тартып алу мақсатында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне шабуыл жасалды. Олар Алматы халықаралық әуежайын басып алған. Сауда және ойын-сауық орталығына, қаржы ғимараттарына шабуылдар жасалды. Қаланың әр түкпірінен бір мезгілде әртүрлі ғимараттарға «мина» қойылғаны, атыс-шабуыл туралы жалған хабарламалардың көптеп түскенін атап өткім келеді. Бұл тактиканы лаңкестер полицияны шаршатып, күштерді осал ету үшін қолданған», - деді департамент басшысы.