Мәжілістің ең жас депутаты маңызды үндеу жасады

Мәжілістің ең жас депутаты маңызды үндеу жасады

Мәжілістің ең жас депутаты маңызды үндеу жасады
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет өзінің Instagram-дағы парақшасында қаңтар айында болған дүрбелең туралы пікір білдірді. Ол жазбасында көпшілікті бірлікке шақырып, бейбітшілік басты бақыт екенін айтты, деп жазды turkystan.kz. Осы орайда ол дәл қазір жерге, ұлтқа, партияға бөлініп, бір-бірімізді айыптайтын уақыт еместігін, бірлігімізді тағы бір мәрте көрсететін тағдыршешті кезең екенін атап өтті.
«Бұл ретте, біздің партияластар, жастар қанаты әр аймақта штаб құрып, мұқтаждарға, әскерилерге көмек көрсетуде. Тізбектей берсем, атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Күні кеше Мәжіліс қабырғасында сөз сөйлеген Президентіміз жастарға ерекше назар аударды. Атап айтсам, жұмыссыздықты азайтуды, жұмыспен қамту бағдарламаларын жетілдіруді, әлемдік жаңа оқу орындарын ашуды тапсырды. Өз кезегінде еліміздің жастар саясаты жүйелі реформаны қажет ететінін партия жанындағы жастар кеңесінің әр отырысында нақты ұсыныстармен дәйектеп көтеріп келдік. Енді іс жүзіндегі өзгерістерге көшуіміз қажет. Еліміз жаңарар, санамыз өзгерер, бәрі қалыпқа қелер. Бастысы - елдігімізді сақтау жолында арандатушылыққа жол бермей, еңбек ету. Ел аман, жұрт тыныш болсын!» деп жазды Мәди Ахмет.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)