Тимур Құлыбаев төрағалық қызметінен босатылды

Тимур Құлыбаев төрағалық қызметінен босатылды

Тимур Құлыбаев төрағалық қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлады turkystan.kz atameken.kz-ке сілтеме жасап. Ол қызметінен кетерде ұжымына алғысын білдірді.
«Съезд делегаттарына және төралқа мүшелеріне маған артқан сенімі үшін алғысымды білдіремін. Сегіз жыл бойы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ең жоғарғы бақылаушы органын басқару мен үшін үлкен мәртебе. Ерекше алғысымды «Атамекеннің» үлкен ұжымына білдіремін», - деді Тимур Құлыбаев.
Айта кетейік, ол - Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың бірі. Байлығы - 2,9 млрд доллар.