Бүлік кезінде дүкен тонағандарды қандай жаза күтіп тұр?

Бүлік кезінде дүкен тонағандарды қандай жаза күтіп тұр?

Бүлік кезінде дүкен тонағандарды қандай жаза күтіп тұр?
ашық дереккөзі
Алматы мен өзге қалалардағы бүлік кезінде дүкендерді тек мародерлар ғана емес, сондай-ақ қарапайым тұрғындардың да тонағаны белгілі. Ал енді оларды қандай жаза күтіп тұр? Бұл туралы «31 арнаға» сұхбат берген заңгер Евгений Яровский айтып өтті, деп жазды turkystan.kz. Заңгердің айтуынша, ұсталған ұры Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша «Тонау» фактісімен сотталады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 192-бабында айтылған «Қарақшылық» пен 196-баптағы «Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу» фактісімен де жауапқа тартылуы мүмкін.
«Ұсталған азаматтың қылмысы анықталған жағдайда үлкен айыппұл салынуы мүмкін. Себебі оларды «мародерлер» деп атай да алмаймыз. Өйткені мародерлер деп тек соғыс уақытында айтылады. Ал бізде құдайға шүкір ондай жағдай емес. Сондықтан жауапкершілікке тарту көзделеді, – дейді заңгер.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасы бойынша тонаушылар үшін ең ауыр жаза «Қарақшылық» бабында қарастырылған. Қылмыскер жазаланған жағдайда 3 жылдан астам абақтыда отыруы мүмкін. Ал «Тонау» бабы бойынша қылмыскер 2 000 АЕК-ке дейін, яғни 6,1 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.