Алматыда лаңкестер 41 мәйітті ұрлап әкеткен
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза тапқандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза тапқан 41 адамның денесін ұрлап кеткен», - деді Таймерденов.