Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жапты

17 қаңтар, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жапты Өзбекстан 15 қаңтардан бастап екі ел азаматтарын Қазақстанмен мемлекеттік шекарадан өткізуді тоқтатты. Көрші ел мұндай шараларды жаңа «омикрон» штамының таралуына жол бермеу мақсатында қабылдады, деп жазды turkystan.kz Өзбекстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 15 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағына кірушілер (көлік қатынасын қоспағанда) ПТР-сынамасының теріс нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан асырмай ұсынуы, сондай-ақ Өзбекстан аумағына кірген кезде коронавирус инфекциясына экспресс-антиген тест тапсыруы тиіс екені айтылды. Сондай-ақ, шекарадан өте алады: Бұл ретте әуеқатынасы сақталған.