«Денсаулығына байланысты»: Атырау қаласының әкімі де кетті

«Денсаулығына байланысты»: Атырау қаласының әкімі де кетті

«Денсаулығына байланысты»: Атырау қаласының әкімі де кетті
ашық дереккөзі
Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі лауазымына 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын.