Цунамиден 20 кеме аударылып, мұхит түбіне кетті

Цунамиден 20 кеме аударылып, мұхит түбіне кетті

Цунамиден 20 кеме аударылып, мұхит түбіне кетті
ашық дереккөзі
Жапонияның батысындағы Токусима және Коти префектураларының кемежайларында цунамиден кем дегенде 20 кемеге зақым келген. Бұл туралы жексенбі күні NHK телеарнасы мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат. Телеарнаның хабарлауынша, кемелер аударылып, оларды алып толқындар мұхитқа ағызып алып кеткен. Бұдан бұрын 10 кемеге зақым келгені туралы хабарланған болатын. Жексенбі күні Тынық мұхиты жағалауы аудандарында тұрып жатқан жапондықтар жергілікті биліктен цунами қаупіне байланысты эвакуация туралы бұйрық алды. Бұдан бөлек, ол аумақтан ұшып-қонатын 27 ішкі әуе рейсі тоқтатылды. Жапонияның Ұлттық метеорологиялық қызметі қаңтардың 15-інен 16-сына қараған түні Тонга Корольдігінде су астындағы Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылауымен байланысты цунами қаупі туралы хабар берген. Жапония жағалауларында 1,2 метр биік толқындар тіркеліп, биіктігі 3 метрге жететін цунами қаупі туралы ескерту жасалған.