Блогер-боксшының 3-ақ гонорары Головкиннің жалпы табысынан көп

Блогер-боксшының 3-ақ гонорары Головкиннің жалпы табысынан көп

Блогер-боксшының 3-ақ гонорары Головкиннің жалпы табысынан көп
ашық дереккөзі
Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген америкалық блогер Джейк Пол (5-0, 4 КО) 2021 жылы 3 жекпе-жек өткізіп, 40 миллион доллар тапқан, деп хабарлады turkystan.kz Forbes журналына сілтеме жасап. Өткен жылы сәуірде Пол ММА-дің экс-жауынгері Бен Аскренді нокаутпен жеңсе, тамыз айында аралас жекпе-жектің шебері, UFC промоушейнінің бұрынғы жұлдызы Тайрон Вудлиді ұпай санымен ұтты. Ал желтоқсан айында 24 жастағы ютубер Showtime кешінде Вудлимен қайта кездесіп, оны ауыр нокаутқа түсірді. Еске сала кетсек, кәсіпқой карьреасын 2020 жылы бастаған Джейктің туған ағасы Логан Пол да Америкадағы танымал блогерлердің бірі. Ол да қолына былғары қолғап киіп, бірқатар табысқа жеткен. Ал Celebrity Net Worth басылымының мәлімдеуінше, Головкиннің кәсіпқой карьерасында тапқан жалпы табысы – 30 миллион долар.