"Росатом" Курчатовта атом стансасын салмақ

"Росатом" Курчатовта атом стансасын салмақ

"Росатом" Курчатовта атом стансасын салмақ
ашық дереккөзі

Бүгін Астана қаласында «Kazatomexpo – 2015» көрмесі өтті. Көрмеге қатысқан «Росатом» компаниясының Қазақстандағы өкілі Виталий Рябов елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі келісімге биылғы жылы қол қою жоспарланып отырғанын айтты. Кеңес заманынан бері келе жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы ядролық саладағы ынтымақтастыққа тоқталған Виталий Рябов: «Қазақстандағы алғашқы атом стансасысының» деп айтқым-ақ келеді, бірақ ол олай емес. Себебі, отыз жыл бойы энергия мен жылу таратып келген Ақтау атом стансасы болды емес пе?! Жалпы, көптеген адамдар атом энергиясы туралы кереғар пікірде. Бұл Чернобыль, Хиросима апаттарының зардабынан болса керек. Бірақ біздің мамандар, ғылыми институттар ядролық қуаттың қауіпсіздігін арттыру үшін күш-жігерлерін жұмсап келеді. Ал атом энергетикасының пайдасын білетін халық оң көзқараста. Мысалы, Қазақстанның ядролық орталығы – Курчатов қаласының халқы атом стансасын салуға қарсы емес», – деді көрмеде. Қазақстанның ядролық орталығы Курчатов қаласында атом стансасын салу туралы келісімге үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығынада қол қойылуы әбден мүмкін екен. Бұл мәселе қазір жіті бақылауда және келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Виталий Рябовтың айтуынша, Ресейде ведомствоаралық келісім бір рет жүргізілген. Ресей аталмыш атом стансасының орны ретінде Курчатов қаласын көздеп отыр екен. Ал Балқашта салынатын атом стансасына қатысты тендер жарияланбақ.